• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
04 Шілде, 2015

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы  №313 

376 рет
көрсетілді

2014 жылғы 26 желтоқсан, Астана қаласы «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандарты бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көліктік комитеті (Ә.А.Асавбаев): 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға көшірмесін жіберуді; 3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3)-тармақшаларында көзделген шаралар туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы Ж.ҚАСЫМБЕК. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі ______________Т.ДҮЙСЕНОВА 2015 жылғы 21 қаңтар Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 желтоқсандағы №313 бұйрығымен бекітілген «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандарты 1. Жалпы ережелер 1. «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандарты білім беру бағдарламаларын, оның ішінде кәсіпорындағы персоналды оқыту үшін білім беру мен мекемелердегі қызметкерлер мен түлектерді сертификаттау үшін және персоналды басқару саласындағы кең ауқымды міндеттерді шешу үшін арналған. 2. Осы кәсіби стандартта мынадай терминдер және анықтамалар қолданылады: 1) бағыт – автокөлік құралының алдын-ала жоспарланған жүру жолы; 2) біліктілік – қызметкердің нақты еңбек функцияларын сапалы орындауға дайын болу дәрежесі; 3) біліктілік анықтамалығы – басшылардың, мамандардың және басқа да қызметкерлер лауазымдарының біліктілік анықтамалығы; 4) біліктілік деңгейі – біліктілік деңгейі – еңбек іс-қимылдарының күрделілігі, стандартты еместігін, жауапкершілігі мен дербестілігі өлшемдеріне қарай сараланатын қызметкердің даярлығы мен құзіреттілігінің деңгейіне қойылатын талаптар жиынтығы; 5) ұлттық біліктілік шеңбері– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 6) ұлттық біліктілік жүйесі – еңбек нарық жағынан мамандардың біліктілігіне сұраныстар мен ұсыныстарды құқықтық және институционалды реттеу тетіктерінің жиынтығы; 7) салалық біліктілік шеңбері – салада танылатын біліктілік деңгейлерін құрылымдық жағынан сипаттау; 8) еңбек функциясы – еңбек процесінің бір немесе бірнеше міндеттерін шешуге бағытталған өзара байланысты іс-қимылдар жиынтығы; 9) жолаушы – көлiк құралының ішіндегі және оны басқармайтын, тұлға және оны басқармайтын адам; 10) кәсіп – арнайы дайындық нәтижесінде пайда болатын және білі туралы тиісті құжаттармен расталатын нақты білімін, шеберлігін және практикалық дағдыларын талап ететін адамның еңбек қызметінің негізгі түрі; 11) кәсіптік кіші топ – еңбек функцияларының және оларды орындау үшін қажетті құзыреттердің біртұтас жиынымен қалыптастырылған кәсіптер жиынтығы; 12) кәсіби стандарт – еңбектің біліктілік, құзіреттілік, мазмұндық, сапалық және шарттық деңгейлеріндегі нақты саладағы кәсіби қызметті анықтайтын стандарт; 13) кәсіби топ – ортақ интеграциялық негізі (ұқсас немесе жақын тағайындау, объектілер, технологиялар, оның ішінде еңбек құралдары) бар және оларды орындау үшін еңбек функцияларының және құзыреттіліктерінің ұқсас жиынтығын көздейтін кәсіби кіші топтардың жиынтығы; 14) сала – шығаратын өнімдерінің, өндіріс технологияларының, негізгі қорларының және жұмыс істеушілердің кәсіби машықтарының ортақтастығы тән кәсіпорындар мен ұйымдардың жиынтығы. 3. Осы кәсіби стандартта келесі қысқартулар пайдаланылады: 1) ҰБШ - ұлттық біліктілік шеңбері; 2) ҰБЖ - ұлттық біліктілік жүйесі; 3) СБШ - салалық біліктілік шеңбері; 4) КС – кәсіби стандарт; 5) БА - біліктілік анықтамалығы. 2. Кәсіби стандарттың паспорты 4. Кәсіби стандарт атауы: Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі. 5. Кәсіби стандартты әзірлеу мақсаты: кәсіби стандарттың мазмұнына қойылатын біріңғай талаптарды сәйкестендіру және бекіту, автокөлік құралын техникалық пайдалануды ұйымдастыру аясында мамандарға қойылатын біліктілік деңгейінің нақты өлшемдерін айқындау. 6. Кәсіби стандарттың қысқаша сипаттамасы: бекітілген бағытқа сәйкес қалалық автомобиль көлігінде жолаушыларды тасымалдау бойынша сапалы қызметті көрсету. 7. Негізгі топ: көлік. Кәсіби топ: жүктер мен жолаушыларды тасымалдау бойынша қызметтерді ұсыну. 4. Кәсіптер карточкалары 8. Кәсіп тізбесі: жолаушылар көлігінің кондукторы, СБШ бойынша 2 біліктілік деңгейі; қозғалыс қызметінің диспетчері, СБШ бойынша 4 біліктілік деңгейі; жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер, СБШ бойынша 5 біліктілік деңгейі. Кәсіптер карточкалары осы кәсіби стандарттың қосымшасында келтірілген. «Қалалық жолаушылар автомобиль көлігі» кәсіби стандартына қосымша Кәсіптер карточкалары «Жолаушылар көлігінің кондукторы» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ Кәсіп коды - Кәсіп атауы Жолаушылар көлігінің кондукторы СБШ бойынша біліктілік деңгейіСБШ 2 БА бойынша біліктілік деңгейі 2 Кәсіби білім деңгейі Жалпы орта білімнің бар болуы, бірақ негізгі орта білімнен төмен емес, және/немесе кәчіби дайындық (білім беру ұйымының базасдағы қысқа мерзімді курстар немесе кәсіпорында оқудан өту) Еңбек функциялары 1) Автокөлік құралының жол бағытында жолаушыларға қызмет көрсету. Еңбек функциялары Автокөлік құралының жол бағытындағы жолаушыларға қызмет көрсету Шеберлігі мен дағдылары: 1. Көлік құралының салонына қарау жүргізу,оның санитарлық жағдайын, салонның дұрыс жарықталуына бақылау жүргізе білу. 2. Жолаушылардың автобустармен, маршруттық таксомоторларды қолдану қағидасын сақтауды бақылау. 3. Автокөлік құралы салонын тиісті санитарлық жағдайда ұстау білу. 4. Жол жүру мен жүкті тасымалдау үшін билетерді сатудың ағымдағы есептілігін жүргізе білу. 5. Қажет болған жағдайларда жолаушыларға автобус салонынан, маршруттық таксомотрадан, оның ішінде қосалқы есіктерден шығу кезінде көмек көрсету. 6. Сатылған билеттердің ай сайынғы есептілігін жүргізу дағдысы. 7. Сатылған билеттер қаражатының есептілігін және оларды белгіленген тәртіпте тапсыруды жүзеге асыру дағдысы. 8. Жол жүрудің электронды төлем жүйесінің жабдығымен жұмыс істеу дағдысы. 9. Жедел жағдайлар туралы жүргізушіге шұғыл хабарлау және оның өкімдерін орындай білу. 10. Автокөлік құралында қайғылы оқиғалар кезінде зақымданушы адамның өмірі мен денсаулығына төнген зақымдар мен қауіпті анықтай білуі. 11. Билеттердің ай сайынғы есептілігін жүргізке білу: билеттік-есептік парақты жүргізу, ауысымнан кейін кассирмен бірге есеп айырысуды жүргізу, келесі ауысымға қажетті билет өнімінің қорын алу. 12. Автокөлік құралының салонындағы ақауларды анықтап, оларды тасымалды ұйымдастыру жөніндегі инженерге хабарлай білуі. Білімі: 1. «Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген көліктегі әкімшілік құқық бұзушылықтар және олардың түрлері. 2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-8) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль көлігі арқылы жолаушылар мен жүкті тасымалдау қағидалары. 3. Билеттік-есептік құжаттардың құрамы, билеттік-кассалық құжаттарды рәсімдеудің қағидасы, билет өнімдерін, ақша қаражатын және билет өнімдерінің қалдықтарын алу, сақтау және жүзеге асыру тәртібі. 4. Ауысымды қабылдау мен тапсыру тәртібі туралы ішкі нормативтік құжаттар. 5. Пайдалану филиалының маршруттық желісі (паркі). 6. Автопарк қызмет көрсететін оның ішінде ауысып отыру мүмкіндігі бар пункттердің, аялдамалардың, маршруттік жолдардың атаулары. 7. Жанжалтану негіздері. 8. Кондукторларға арналған еңбек қауіпсіздігі бойынша өндірістік санитарияның қағидасы және және өрт қауіпсіздігінің қағидасы бойынша нұсқаулық. 9. Жолдағы авариялық жағдайлардың көрсеткіштері мен түрлері. 10. Адамдарды салоннан адамдарды эвакуациялау тәртібі. 11. Өрт кезіндегі дабыл сигналы, өрт кезіндегі іс-әрекетті тәртібі,өрт сөндіргіш құралдарының орналасқан жері. 12. Автокөлік кәсіпорындағы қозғалмалы құрамының маркалары, олардың сыйымдылығы. 13. Қалалық жолаушылар көлігіндегі еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария нормалары. Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар Жақсы зейін. Ілтипаттық Жеке жинақылық. СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы 5112 Билет контролері. Жолаушылар көлігінің контролері «Қозғалыс қызметінің диспетчері» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ Кәсіп коды 3144 Кәсіп атауы Қозғалыс қызметінің диспетчері СБШ бойынша біліктілік деңгейі 4 БА бойынша біліктілік деңгейі 4 Кәсіби білім деңгейі Тиісті мамандық бойынша техникалық және кәсіптік білім. Еңбек функциялары 1) Бекітілген бағыттарға сәйкес автокөлік құралдарының тұрақты және үздіксіз қозғалыстарына басшылық ету; 2) Қазіргі заманғы навигациялық жүйелер көмегімен автокөлік құралдары қозғалысының мониторингі мен талдауы. 1 еңбек функциясы Бекітілген бағыттарға сәйкес автокөлік құралдарының тұрақты және үздіксіз қозғалыстарына басшықыл ету Шеберлігі мен дағдылары: 1. Нақты бағыт бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыруға арналған рұқсат құжаттарда бар болуын бақылау. 2. Жол парақтарындағы тиісті технико-экономикалық көрсеткіштерді есептей білу. 3. Бекітілген нормаларға сәйкес жанар-жағармай материалдарын шығындалуын бақылау. 4. Жүргізушілер арқылы еңбек және демалыс тәртібінің сақталуын бақылау. 5. Жолдағы автокөлік құралдарына техникалқ көмек көрсету бойынша қосалқы қызметтің жұмысын координациялау. 6. Өндірістік нұсқаулықтар мен жүргізушілердің білімдерін тексеруді өткізе білуі 7. Жедел жағдайларда, автокөлік құралдарының ритімдік және үздіксіз қозғалысы бұзылған жағдайда шұғыл шараларды қабылдау білу. 8. Автокөлік құралдарының жолдан дер кезінде қайтуын қадағалау, автокөлік құралы дер кезінде оралмаған жағдайда оның тұрған жерін анықтау және оның оралуы үшін шараларды қолдана білу. 9. Автокөлік құралдарын пайдалануды жақсартуға бағытталған іс-шараларды әзірлеу және жолуашылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру. 10. Жалпы автокөлік кәсіпорнының жұмысы мен оның диспетчерлік қызметі туралы есептілік құжаттарын құрастыру. Білімі: 1. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы. 2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-8) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль көлігі арқылы жолаушылар мен жүкті тасымалдау қағидасы. 3. Жол құжаттарын рәсімдеу, беру, қабылдау және өңдеу тәртібі. 4. Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі нормалары. 5. Кәсіпорындағы автокөлік құралдарын ұйымдастыру мен координациялау жүйесі. 6. Құжаттану негіздері. 7. Қазақстан Республикасындағы еңбек пен өндірісті ұйымдасырудың, өндірістік-күнтізбелік жоспарлаудың, еңбек заңнамасының негіздері. 8. Диспетчерлік қызметке қатысты жол парақтары мен басқа да құжаттарды рәсімдеу бойынша нұсқаулықтар, регламенттер. 9. Автокөлік құралдарындағы санитарлық қағидалар. 2 еңбек функциясы Қазіргі заманғы навигациялық жүйелер көмегімен автокөлік құралдары қозғалысының мониторингі мен талдауы Шеберлігі мен дағдылары: 1. Мобильді байланыс әдісі мен GPS арқылы дубляжданған сызба бойынша барлық автокөлік құралдарының қозғалысын бақылай білу. 2. Спутникті навигация және мобильді байланыс блогымен жабдықталған бақылаушы автокөлік құралдарынан автоматтандырылған диспетчерлік жүйеге келіп түсетін навигациялық деректердің талдауы. 3. Тасымалдау процесін жедел басқару (автокөлік құралының бағытын бақылау, қажет болған жағдайда тасымалдау процесі кезінде бағытты өзгерту, автокөлік құралын мақсатсыз түрде қолдану анықталған жағдайда немесе немесе автокөлік бағыттан шыққан жағдайда дауыс ұлғайтқыш арқылы жүргізушіні шақыру, зуммер, тәртіп бұзушылық журналын жүргізу, өз әрекеттерін хаттамалау). 4. Бағыттар бойынша автокөлік құралының қозғалысының басталуы мен аяқталуы туралы ақпаратты талдау, қозғалыс, жылдамдық тәртібі, қозғалыс интервалы сызбасын сақтау, бекітілген жоспарлардан ауытқуды анықтау және олардың алдын-алу мен жою бойынша іс-шараларды қолдану. 5. Автокөлік құралын диспетчерлік бақылау жүйесіндегі автоматты видео сәйкестендіргіш пен спутникті навигация жүйесін қолдану есебінен, автомобиль жолдарындағы аварияларды азайтуға бағытталған амалдарды ұсыну, автокөлік құралдары жүргізушілерінің еңбек және демалыс уақытын сақтауды есепке алу мен бақылау процестерін жетілдіру. 6. Автокөлік құралдарының нақты бағытқа шығуы туралы ақпаратты талдау, рейстен кейінгі жолаушыларды тасымалдау процесін бақылау (қозғалыс талдау) дағдысы Білімі: 1. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы. 2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы. 3. Басқарудың автоматтандырылған басқару негіздері. 4. Байланыстың радиотехникалық жабдықтарын, өңдеудің техникалық жабдықтарын қолдану негіздері және ақпаратты беру. Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар Жұмысты дұрыс жоспарлау. Командалық жұмысты ұйымдастыру. Техникалық сауаттылық. Сабырлық. Ойлануға аз уақыт берілген жағдайда жетік шешімдерді қабылдай білу. СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы 3152 4132 Автомобиль көлігінің ревизоры; Диспетчерлік қызмет операторы; Қозғалыс қызметінің операторы. «Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер» КӘСІП КАРТОЧКАСЫ Кәсіп коды 2149 Кәсіп атауы Жолаушыларды тасымалдауды ұйымдастыру жөніндегі инженер СБШ бойынша біліктілік деңгейі 5 БА бойынша біліктілік деңгейі 4 Кәсіби білім деңгейі Тиісті мамандық бойынша жоғары (немесе жоғарғы оқу орнынан кейінгі) білім Еңбек функциялары 1) Жолаушыларды тасымалдаудың ағымдағы және келешектегі жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыруға басшылық ету 1 еңбек функциясы Жолаушыларды тасымалдаудың ағымдағы және келешектегі жоспарларын әзірлеу және жүзеге асыруға басшылық ету Шеберлігі мен дағдылары: 1. Қызмет көрсететін аймақты, жолаушылыр тасқынының көлемі мен бағыттарын зерттеу, білу. 2. Автобус бағытындағы барлық шарттардың орындалуын бақылау. 3. Жолаушыларды тасымалдаудың өзіндік құнының төмендеу мүмкіндігін, автокөлік құралдарының толық кірістер жиының және қозғалыс жылдамдығының қалыптануын талдау, құжаттарды пайдалануды енгізу 4. Тасымалдың ауысымдық-тәуліктіктік жоспарын ұйымдастыру, бағыт кестесін әзірлеу дағдысы. 5. Жаңа бағыттарды ашуға және қолданыстағы бағыттарды өзгертуге арналған тиісті құжаттарды әзірлеу. 6. Автокөлік құралдарына арналған сараланған бағыттық жанармай шығындарының нормасының әзірлеу. 7. Автокөлік құралдарының жұмыс аймағындағы жолдың күтілуін бақылау және оларды қалыпқа келтіру бойынша тиісті мемлекеттік органдар арқылы шаралар қабылдау. 8. Аялдама бекеттерін ұйымдастыруға қатысу және оларды дұрыс жабдықтау бойынша бақылауды қамтамасыз ету. 9. Автокөлік құралдарын пайдаланудағы техникалық және өндірістік қағидалардың сақталуын бақылау. 10. Автокөлік құралдарын пайдалану, техникалық қызмет көрсетуді өткізу және жөндеу жұмыстары процесінде жанармайдың, жанар-жағармай материалдарының, қосалқы бөлшектердің шығындарын бақылау 11. Кәсіпорын персоналының еңбек және демалыс тәртібін әзірлеу, жұмыс уақытын есепке алу бойынша құжаттарды жүргізуді бақылау. Білімі: 1. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-6) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін жүргiзушiлердiң еңбегi мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидасы. 2. «Автомобиль көлігі туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 13 бабының 23-8) тармақшасына сәйкес құзыретті орган бекітетін автомобиль көлігі арқылы жолаушылар мен жүкті тасымалдау қағидалары, сондай-ақтасымалды жүзеге асыру тәртібі туралы басқа да ережелер мен нұсқаулықтар. 3. Көлік құралдарын пайдалануға жіберу және қауіпсіз жол қозғалысын қамтамасыз ету бойынша лауазымды тұлғалар мен жол қозғалысына қатысушылардың негізгі ережелері және автокөлік құралының техникалық жағдайының сұрақтары бойынша басшылық материалдар, еңбекті қорғаудың, техника қауіпсіздігінің, өндірістік санитарияның және өрт қауіпсізідігін қорғаудың нормалары. 4. Автомобиль тасымалдарын жоспарлаудың математикалық әдістерінің негіздері. 5. Қалалық жолаушылар көлігіндегі тарифтерді қалыптастыру мен қолданудың негіздері. 6. Автомобиль көлігінде экономика және және басқаруды ұйымдастыру. 7. Логистика негіздері. 8. Қазіргі заманғы есептеуіш құралдарын қолдану арқылы отырып, техника-экономикалық есептерді жүргізу әдіс. Жеке құзыреттіліктерге қойылатын талаптар Қиын жағдайларда шешім қабылдай алу. Техникалық ойлау қабілетінің жоғарғы деңгейі. Ұйымдастырушылық дағдылары СБШ бойынша басқа кәсіптермен байланысы Кәсіби стандарттың техникалық деректері Әзірленген: Фактор» жүйелік зерттеулер компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Нұсқа номері мен шыққан жылы: 1 нұсқа, 2014 жыл Болжамды қайта қарау мерзімі: 2017 жыл Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 4 наурыздағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №10386 болып енгізілді.